2024 жылдың 21 ақпанында «Orda» жоғары колледжі "Ақпараттық технологиялар" бөлімінің "Орда және ғылымдағы жасанды интеллект" тақырыбындағы апталығы өткен болатын. Аталмыш апталық аясында Қызылорда облысының ТжКББ ұйымдарының студенттері арасында "Мамандығым - мақтанышым" атты мобилографтар сайысы ұйымдастырылды. Осы сайысқа Арал индустриалды - техникалық колледжінің ІІІ курс студенті Тойдықов Ернұр қатысып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Заманауи технологиямен қаруланған өнерлі жастың жобасына арнайы пән оқытушысы Нұрлан Әзи жетекшілік жасады.
Әріптесімізге шығармашылық табыс, студентімізге жеңісті күндер тілейміз!