Студентіміз кәсіби бағдарын сәтті танытқаны үшін марапатталды
Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім ұйымдары – қоғамның дамуына қажетті білікті мамандарды даярлайтын маңызды білім ошақтары. Бүгінгі таңда колледж студенттері тек өз мамандығы бойынша білім алып қана қоймай, қоғамдық өмірге белсене араласып, шығармашылық және кәсіптік мақсатта қарқынды дамып келеді.
Осы орайда көшбасшылық қабілетін танытуына мүмкіндік беру және дарынды студенттерді ел көлеміне қолдау мақсатында «BILIM ACADEMY AI»қоғамдық қоры техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Колледждердің 100 үздік студенті - 2025» республикалықбайқауын ұйымдастырған болатын. Осы байқауға Арал индустриалды-техникалық колледжінің 2 - курс білім алушысы Т.Әбдібахыт қатысты. Нәтижесінде білімге деген құлшынысы мен шығармашылық белсенділігі мен кәсіби бағдарын сәтті танытқаны үшін 2 - дәрежелі дипломмен марапатталды.


