«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылдың 19 ақпанында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі базасында «АВТОКӨЛІК ДИЗАЙНЫ: ИДЕЯДАН ІСКЕ» атты облыстық шығармашылық байқауы өтті. 

Жас буынның техникалық шығармашылығын дамыту, инженерлік ойлау қабілетін арттыру және болашақ мамандыққа қызығушылығын қалыптастыру мақсатында өткізілген байқауға Арал индустриалды - техникалық колледж білім алушылары да қатысты.

ІІ кезеңнен тұратын байқау барысында тың идеялары мен креативті жобаларын ұсынып, жоғары еңбек мәдениеті мен кәсіби педагогикалық шығармашылық нәтижесін көрсету арқылы қатысушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді. Нәтижесінде колледждің ІІ курс білім алушысы Әмірханұлы Диас ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды. Жетекшісі - Рекешов Жәнібек. Ал тағы бір қатысушымыз Нұрадинұлы Фариддин белсене қатысқаны үшін АЛҒЫС ХАТ иеленді. Жетекшісі - Абдуллаев Еркебұлан.

Марапат иелерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби - педагогикалық шығармашылықтарыңыз бен шеберліктеріңіз арта берсін!