«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Қыркүйек айының соңғы жексенбісіндегі Еңбек күні мен 5 қазан – Ұстаздар мерекесіне орай Арал индустриалды-техникалық колледжінде мерекелік құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында колледж директоры Раким Өтемұратұлы құттықтау сөз сөйлеп, барша еңбек адамдарын, ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтады.
Шара барысы, ең алдымен, еңбек адамдарын ұлықтау рәсімімен басталды. Кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген колледждің бір топ техникалық қызметкері Қызылорда облысының білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.
Ал кәсіптік білім саласының ұстаздар қауымы Облыстық білім басқармасының, облыстық кәсіподақ ұйымының, аудан әкімінің және колледж директорының алғыс хаттарын иеленді. Сондай-ақ қоғамдық шараларда белсенділік танытқан қызметкерлерге колледж кәсіподақ ұйымының алғыс хаты мен сый-сыяпаттары табысталды. Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, ыстық ықыластары мен ақ тілектері тыңдалды.
Мерекелік шара соңы колледж жастары мен білім алушылар өнерін тамашалаумен жалғасты.