«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Ұстаз едің, жүректерге гүл еккен,

Адалдықты көкіректерге түлеткен.

Сенің биік рухыңа бас иіп, 

Еске аламыз сағынышты жүрекпен!

        Арал индустриалды— техникалық колледжінде  еңбек етіп, ұжымдастар ортасында  ұстаздық жолда еңбектері ардақталған Рашов Артықбай Мауленұлы мен Қанатбеков Ғалымжан Рахымжанұлын еске алу мақсатында колледж инженер-педагогтері арасында волейбол турнирі өткізілді. Бұл турнирге марқұмдардың отбасы мүшелері қатысып, жүлделі орындарға сыйлықтарын табыс етті. Волейбол турниріне «Шаңырақ»,«Көк байрақ»,«Сұңқар», «Қыран» командалары қатысып, өзара бақ сынасты. Ойын нәтижесінде I орынды «Көк байрақ», II орынды «Қыран», III орынды «Сұңқар» командалары бөлісті.

    Отбасының ақылшысы, тірегі, ұрпақтарының мақтанышы болған ұстаздарымыз мәңгілік есте сақтаймыз!