2025 жылғы 24 қараша күні Арал индустриалды-техникалық колледжінің Бағдарламалық қамтамасыз ету бірлестігінің "Жасанды интеллект дәуірі" апталығы аясында "Smart Life: Күнделікті өмірдегі жасанды интеллект" тақырыбында тәжірибе сабақ өткізілді.
Информатика пәнінің оқытушысы А.Нурбаеваның ұйымдастыруымен өткен тәжірибелік сабақтың мақсаты – жасанды интеллект дәуірінде адами құндылықты сақтай отырып, жас ұрпақтың бойында ғылыми ізденісті қалыптастыру. Болашақ мамандардың цифрлық ойлауы мен сыни және креативті қабілеттерін дамыту.
Тәжірибе сабаққа директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Мирманова мен информатика пәні оқытушысы А.Қонысбайқызы қатысып, білім алушылармен бірге ЖИ мүмкіндіктерімен танысты.
Тәжірибе сабақ барысында білім алушыларға «Жасанды интеллект күнделікті өмірде» тақырыбында қысқа бейнеролик көрсетіліп, жиі қолданысқа ыңғайлы «Bing Image Creator», «Gemini Google», «SunoAI» платформалары жайында кеңінен түсініктеме берілді.
Ал студенттер жасанды интеллектіге негізделген «Bing» платформасымен іздеу және зерттеу жүйесі арқылы жұмысшы мамандықтары туралы заманауи ақпаратты іздеу, талдау және визуалды түрде көрсету бойынша тәжірибе жинақтады.
Олар Microsoft компаниясының «Gemini Google» бағдарламасы негізінде промокодтарды пайдаланып, өз суреттерін генерациялады. Промокодтарды пайдаланып, фотосессия жасауға арналған әр түрлі фотоларды шығарды.
«Suno» бағдарламасын пайдаланып мәтіндік сипаттама(prompt) бойынша автоматты түрде әуен мен вокалды жасап шығарды.
Сабақ соңында білім алушылар өз әсерлерімен бөлісіп, аталмыш платформалар арқылы ЖИ мүмкіндіктерін алдағы уақытта пайдалана беретіндіктерін білдірді.


