«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2025 жылғы 20 қазанда жалпы пәндер бірлестігі онкүндігінің төртінші күнінде «ӘСКЕРИ ЕРЛІК ПЕН РУХТЫҢ МЕКТЕБІ - КІТАП» атты әскери спорттық жарыс өткізілді. Байқау алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Н.Теміровтың ұйымдастыруымен 1 - курс білім алушылары арасында өтті.

Мақсаты: жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери ерлікке батырлыққа баулу. Сондай - ақ кітаптың рухани жігер берудегі тәрбиелік мәнін ұғындыру.

Сайыс әскери спорт түрлері бойынша бірнеше кезеңді қамтыды. Соның ішінде Ак74 автоматын толық емес бөлшектеу мен жинақтау және оқжатарды оқпен жарақтау сайыстары тартысты өтті. Іс - шара барысында тақырыпқа орай сұрақ - жауаптар да алынды.

Шапшаңдық пен батылдық сынға түскен жарыс соңында үздіктер анықталып, марапатталды.