«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Берекелі әрі мерекелі күз айларында аталып өтетін кештердің бірі «Сары орамал тағынған - Алтын күз» мерекесі. Күз мезгілінде сап-сары алтындай күйге енетін табиғат көркі, пісіп- жетілген жемістердің адам жанына берер жылуы мол. Күз табиғаттың әр түске боялатын мезгілі. Осындай ерекше маусымда колледжімізде берекелі күзге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Білім алушылар мерекені сайыс түрінде өткізді.

1.Жұптық таныстыру (креативті)

2.Ең үздік күзгі фотосессия (интаграммен лайк жинау)

3.Өнер көрсету (жұбымен)

  1. Fashion model (сән үлгісі)
  2. Күзгі сый (үй тапсырмасы және жеміс-жидек, көгөністерден экибана)

Білім алушылар арасында:

І орын №135топ білім алушылары Маратұлы Нұрислам және Панаева Замира;

II орын №133топ білім алушылары Абылаева Қарақат және Сариев Бекарыс;

III орын №131 топ білім алушылары Избанова Нұрай және Тлеумұратов Бекнұр;

“Ең тәтті жұп”номинациясы №125 топ білім алушылары Шамрадин Нұрперзент және Жаңабаева Ақнұр;

“Ең жарасымды жұп”номинациясы №123топ білім алушысы Әбжамиева Арай және Қожабаев Нұрдәулет иеленді.

Мерекелік іс-шараға арнайы қонақтар шақырылып, әділқазы алқасы сайыстың әрбір кезеңіне баға беріп отырды. Жалпы кеш жоғары деңгейде болып, қызықты әрі есте қаларлықтай әсер қалдырды.Сайыскерлердің бәрі алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтарылымен марапатталды. Кешке жауапты ұстаздар өздерінің жауапкершік қабілеттері мол екендігін көрсетті. Кеш мақсаты білім алушылардың әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге дағдыландыру, уақыттарын көңілді өткізу. Осындай айдарлы кештер жыл бойына жалғасын табады деп сенеміз. Білім алушылардың әлі де талай жақсы өнерлерін көреміз деген ойдамыз.