2025 жылғы 29 сәуірде «WorldSkills -2025» кәсіби шеберлік чемпионатының «САНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАСҚАРМАЛЫ ТОКАРЛЫҚ СТАНОКТА ЖҰМЫС» құзыреттілігі бойынша облыстық іріктеу кезеңі өткізілді. Сайыс барысында жоғары нәтиже көрсетіп, шеберлік танытқан Арал индустриалды-техникалық колледжінің ІІ курс білім алушысы МАХАМБЕТҒАЛИЕВ ДИАС
І ОРЫН иеленді. Жетекшісі – Қанатбаева Жамал Шаиковна.
Облыстық кезеңнен сүрінбей өткен жеңімпазымыз республикалық чемпионатқа жолдама алды.
Жүлдегер қатысушымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алар асулар көп, бағындырар белестер биік болсын!