«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

2023 жылғы 29 маусым күні Арал индустриалды-техникалық колледж түлектіне диплом тапсыру салтанатты шарасы өтті. Армандарына бір қадам жақындап, асыл мақсаттарының бір белесін бағындырған түлектеріміздің қуанышында шек жоқ. Биылғы жылы колледжді 5 мамандық, 6 біліктілік бойынша 127 жас түлек  бітіріп шығуда.

   «Сәт сапар саған, жас маман» атты салтанатты шараға ауданымыздағы бірқатар мекеме басшылары мен ата-аналар қатысты. Ал шараның ашылуына арнайы келген  аудан әкімінің орынбасары Бержанов Кете-Төлеби Досымжанұлы жас мамандарды ең мерейлі сәтімен құттықтап, үздік дипломдарды табыс етті. Колледж директоры Айназаров Раким Өтемұратұлы түлектердің жаңа қадамына сәттілік тілей отырып, ата-аналар мен ұстаздар қауымына алғысын білдірді. Белсенді әрі үлгілі түлектерімізді алғыс хатпен марапаттады. 

     Сонымен қатар маңызды іс-шарада Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Әзбергенов Ануар Мырзабекұлы, «Agrofish 2020» ЖШС балық өңдеу зауыты директорының орынбасары Жалғасбаев Оңдасын, колледждің ардагер ұстазы Байжанов Алижан Махамбетиярұлы да түлектерге диплом табыс етіп, ізгі тілектерін білдірді.

   Мерекелік шара барысында педагогикалық қызмет жолында жемісті еңбегі үшін бірқатар ұстаздарға облыстық білім басқармасының алғыс хаты табысталды. Колледж кәсіподақ ұйымының атынан топ жетекшілер мен өндірістік оқу шеберлері марапатталды.