14 ақпан – Халықаралық Кітап сыйлау күні. Осы атаулы күн аясында Арал индустриалды-техникалық колледжінде «Сүйіспеншілікпен кітап сыйлайық!» акциясы ұйымдастырылды.
Бұл акцияның басты мақсаты – адамдарды бір-біріне жақсы кітаптар сыйлауға шабыттандыру және қағаз кітаптың өзекті сыйлық болып қала беретінін және құндылығын жоғалтпайтынын көрсету.
Мерекенің қағидасы бойынша бұл күні адамдар бір-біріне сыйлық ретінде кітап ұсынады. Сол сияқты оқырмандар да жақсы кітаптарын кітапханаға да сыйға тартты. Кітапхана қорын жаңа бағалы кітаптармен толықтыруға бағытталған шараға білім алушылар да қолдау білдірді. №124 «Токарь» топ білім алушысы Рахметов Қажымұқан, Қожабай Айораз, Алтынбек Элдар өңірімізге белгілі журналист С.Алдашбаевтың «Жұмбақ айтыс» кітабы мен Б.Тәңірбергеновтың «Аралдың табанынан су кеткенмен, халқының жүрегінен жыр кеткен жоқ» кітаптарын сыйға тартып, кітап қорымыздың артуына үлес қосты.