Арал индустриалды - техникалық колледжі қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 23 қазан күні бірлестік мүшелері мен I курс білім алушылары «РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНА» танымдық саяхат жасады.
Саяхат барысында қатысушылар орталықтың кітапханасымен, кітап бұрыштарымен және электронды кітапхана бөлімінің жұмысымен танысты. Білім алушылар рухани азық алып, кітап қоры мен ақпараттық мүмкіндіктер туралы мол мағлұмат алды.
Мұндай шаралар жастардың рухани дамуына, кітап оқуға қызығушылығын арттыруға және таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған.

