Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАТАҢ САҚТАҢЫЗДАР!
Өрт - адам өмірі мен мүлкіне үлкен қауіп төндіретін төтенше жағдай. Өрттің алдын алу мақсатында төмендегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз:
От жағуға, қоқыс пен құрғақ шөпті өртеуге тыйым салынады;
Электр сымдары мен тұрмыстық электр құралдарының жарамдылығын үнемі тексеріңіз;
Газ және пеш құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
Балаларды от көздерімен ойнауға жол бермеңіз;
Темекі қалдықтарын толық өшірмей тастамаңыз;
Аула мен тұрғын үй маңын қоқыс пен жанғыш заттардан тазалап ұстаңыз;
Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі - өз қолыңызда!
Өрт қауіпсіздігі бойынша жедел желі іске қосылды!
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес беру үшін жедел желі іске қосты.
8 (7242) 55-10-97
Аталған нөмір арқылы:
• өрттің алдын алу шаралары,
• тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі,
• жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптары бойынша мамандардан кеңес ала аласыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! Өрт қауіпсіздігі - әрқайсымыз үшін маңызды.

