2026 жылғы 28 сәуірде Облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің базасында «ВИРТУАЛДЫ ӘЛЕМДЕГІ БІЛІМ ШЫҢЫ» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы болып өтті.
Инновациялық әдістерді таныту мақсатындағы шеберлік сыныбына (VR/AR құралдары көрсетілімдерімен тәжірибелік сабақтар) Арал индустриалды - техникалық колледжінің физика - математика пәнінің оқытушысы Г.Турениязова мен арнайы пән оқытушысы Ж.Кыркабакова қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Жаңа тәжірибелерімен алмасу мақсатындағы шеберлік сыныпта олар оқытудың заманауи цифрлық құралдарын таныстырып, олардың дәстүрлі сабақтан артықшылығын тәжірибе жүзінде көрсетті. Нәтижесінде педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттырып, оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасқан әріптестеріміз Қызылорда облысының білім басқармасының Облыстық оқу орталығының(әдістемелік кабинет) сертификатына ие болды.
ТжКББ ұйымдарының оқытушылары арасында озық педагогикалық идеяларын таратушы әріптестерге шығармашылық табыс тілейміз!

