«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, еңбек кәсібін танымал ету мақсатында «TurkicSkills—2025» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатқаны мәлім. Осы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға арналған шара барысында әріптесімізге оқу-ағарту министрінің марапаты табыс етілді.
Арал индустриалды-техникалық колледжінің өндірістік оқу шебері КАНАТБАЕВА ЖАМАЛ ШАЙҚҚЫЗЫ ел экономикасы үшін білікті кадрлар даярлап, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды.
Жамал Шайққызы 40 жылдан аса осы салада қажымай қызмет атқарып, кәсіптік білім беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген білікті маман. Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы - осындай жауапты адамдардың арқасында дамуда.
Әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз! Білім беру жолында кәсіби биіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

