Қазан айының 24 жұлдызында Арал индустриалды-техникалық колледжінде №134 «Автомобиль жөндеу слесарі» топ білім алушыларына топ жетекшісі Айгүл Қараеваның ұйымдастыруымен «Отаным менің - Қазақстан» атты Республика күніне орай тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуға баулу, рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
Тәрбие сағаты барысында Қазақстанның егемендікке жету жолындағы тарихи оқиғаларға шолу жасалды. Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресін тереңірек түсініп, республика ретінде қалыптасуындағы маңызды оқиғалармен танысты. Тақырыпқа байланысты бейнематериалды тамашалап, ой-өрістерін кеңейтті. Тәрбие сағаты барысында патриоттық рухтары артылып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін оятты.