2025 жылдың 21 қазанында жалпы пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында ағылшын тілі пәні оқытушылары Н.Жиеналиева мен Г.Адайдың ұйымдастыруымен «Read to Lead» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
Мақсаты: студенттердің логикалық ойлау қабілетін, тілдік сауаттылығын, білімділігін, шығармашылық белсенділігін арттыру. Кітап оқуға, ізденуге қызығушылық тудырып, өз ойын дәл әрі еркін жеткізе алатын тұлға қалыптастыру.
І курс білім алушылары арасындағы сайыс бірнеше кезеңдерден құралды:
1.Introduce yourself
2.Who is the best?
3.Who knows more words?
4.Who is quickly?
5. Polyglot
Интеллектуалды сайыс барысында қатысушылар белсенділік пен білімдерін жан-жақты көрсете білді. Әр кезең – білім мен тапқырлықтың шынайы мерекесіне айналды. Бірлестік жетекшісіЛ.Аймурзаева сайысты қорытындылап, нәтижесінде «Leaders" тобы – І орын, "Eagles" тобы – ІІ орынмен марапатталды.
Барша қатысушыларға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс, білім жолында сәттілік тілейміз!

