Өзара құрмет мәдениетін, адамға, оның таңдауы мен жеке шекарасына ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарауды насихаттау, мәжбүрлеу мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру бағытында колледж білім алушыларына директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Жұмаеваның ұйымдастыруымен «Жеке бостандыққа құқық: зорлық–зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік» тақырыбында кездесу өтті. Аталған тақырып бойынша кездесу қонақтары Арал АПб «Әйелдерді зорлық–зомбылықтан қорғау» тобының инспекторы, полиция майоры Есенжолова Гүлнар Төлегенқызы, колледж педагог психологы А.Кенжебаева, колледж аяжаны А. Қосымбаева маңызды ақпараттармен бөлісті.

