Арал индустриалды - техникалық колледжінде Арал аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция лейтенант испекторы - Б.Ерекеев, директордың оқу - тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарының уақытша м.а Н.Жұмаева, колледж педагог - психологы Ж.Ахметованың қатысуымен колледж білім алушыларына түсіндіру шарасы жүргізілді. Профилактикалық ара барысында ҚР Кодексіндегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты 127 - бабының 1,3-тармағы бойынша ата-ананың,білім беру мекемесінің және тәрбиелеу, қадағалау жұмыстарының орындалмаған жағдайда көрілетін тәртіптік шара, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы туралы түсіндірме жасалды.