«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Педагогтер «AMANAT AI SKILLS» оқу курсына қатысты
Ауданымыздағы «AMANAT» партиясы мен Арал аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Aral AI Hub» жобасы аясында «AMANAT AI SKILLS» оқу курсы өтуде. Жастардың цифрлық білімін арттыруға бағытталған осы курсқа Арал индустриалды-техникалық колледжінің бір топ инженер-педагогтері қатысып, цифрлық платформаларды меңгеру бағытында біраз тәжірибе жинақтап қайтты.
  
«Aral AI Hub» жобасының жетекшісі Маратов Айдос Маратұлының жүргізуімен өткен сабақ  теориялық білім мен практикалық тапсырмаларды ұштастыра отырып, интерактивті форматта өткізілді. Бағдарлама барысында жастар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, оны білім беру, шығармашылық және күнделікті өмірде тиімді пайдалану жолдарын үйренді.  Қатысушылар заманауи ЖИ платформаларымен жұмыс істеуді үйреніп, цифрлық контент әзірлеу, графикалық дизайн, бейнемонтаж және медиа өнімдер жасау бағытында жұмыс жасады. 
  
Курс соңында қатысушылардың барлығы жасанды интеллект құралдарын қолдану және оларды оқыту әдістемесі бойынша білім алғандығын растау сертификаттарына ие болды.
 
Жастардың цифрлық құзыреттіліктерін арттырып, нейрожелілермен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге  үлес қосып жүрген курс ұйымдастырушыларына  алғысымыз зор!