Колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж», «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында кітапханашы Г. Бүркітова мен жатақхана тәрбиешілері Г. Кушерова, Г. Жұмахмет және А. Мырзабаевалардың ұйымдастыруымен жатақхананың I курс студентеріне 25 қазан - Республика күніне орай патриоттық өлең оқу кеші өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық мерекені ұлықтау, тәуелсіз еліміздің рәміздері мен мемлекетіміздің айшықты белгісі Ата заңымызды құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеу.
Кешке колледж психолгі Ж. Ахметова қатысып, патриоттық өлеңдер оқып, белсене қатысқан студенттерге марапат табыстады.