«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы мен «Парктер шеруі» халықаралық экологиялық акциялары аясында Арал индустриалды - техникалық колледжі студенттерімен бірлесіп «Парктер шеруі - табиғат шеруі» атты ауқымды экологиялық іс - шара ұйымдастырды.

Іс - шараның негізгі мақсаты - жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, биоалуантүрлілікті сақтау мәселелеріне қоғам назарын аудару және экологиялық сананы дамыту болды. Шараға қорық қызметкерлері, колледж оқытушылары мен студент жастар белсенді қатысып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Іс - шараның ашылу салтанатында Арал индустриалды - техникалық колледжінің директоры Р. Айназаров жастардың экологиялық тәрбиесі - болашақтың кепілі екенін атап өтіп, қоршаған ортаны қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екенін айтты. Ал Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының директоры Х.Қаниев табиғатты сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, экологиялық акциялардың қоғамға тигізер пайдасы мен маңызын түсіндірді. Сонымен қатар ол ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биоалуантүрлілікті сақтаудағы рөліне кеңінен тоқталды.