«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«ПАРКТЕР ШЕРУІ – 2023» ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ АРАЛ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

2023 жылғы 5 маусымда «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-сі  мамандары «Парктер шеруі – 2023» табиғат қорғау акциясы аясында Арал индустриалды-техникалық колледжі қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Парктер шеруі - қоғамның, уәкілетті органдардың қайталанбас ландшафтар, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерін болашақ ұрпаққа өзгермеген күйде жеткізу мақсатында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзекті мәселелеріне назар аудартуға негізделген акция. Акцияның мақсаты – қорықтар мен ұлттық парктерге қоғамдық қолдау көрсету.

Колледждегі шара барысында Барсакелмес МТҚ ғылым бөлімінің қызметкері Ж.Қалдығұлова қорықтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі туралы бейнетаныстырылым жасады. Қызыл кітаптың маңызы бойынша  тақырыпқа шолу жасай  отырып, табиғатты сақтаудағы адамзат алдындағы міндеттерге тоқталды. Табиғи және қолдан жасалатын апаттарды болдырмау шараларын түсіндіріп, жергілікті халық арасында табиғи ортаны ластамауға шақырды.