2024 жылғы 31 қаңтарда Арал индустриалды-техникалық колледжінде тәжірибелі колледж оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің теориялық және практикалық жұмысының үздік нәтижелерімен бөлісу және ақпарат алмасу мақсатында «Озат тәжірибе – ортақ іс» атты семинар-практикумы өтті.
Семинар-практикумға Арал ауданы мансап орталығының бас маманы – К.Жаймақова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы - Н.Ембергенова , «Арал құрылыс» ЖШС – А.Келжанов, ДК«Ай-Аружан» тігін цехы – Ұ.Дүйсенбаева, колледж түлегі, жеке кәсіпкер А.Оңғаров және Арал қаласындағы №13, №260, №64 орта мектептерінің оқушылары келіп қатысты.