«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылдың 11 наурызында Арал индустриалы-техникалық колледжінде «Шебер қол-сенімді жол» атты онкүндік аясында І-ІІ курс студенттері арасында «Болашақ темір тұлпар шеберлері» атты топтық жарыс сабағын арнайы пән оқытушысы Абдуллаев Еркебұлан өткізді. Топтық жарыс сабаққа №134, №141 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» топтары қатысты.

Сабақтың мақсаты – студенттердің автокөлік құрылысы мен техникалық қызмет көрсету бойынша білімдерін жетілдіру, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру және техникалық сауаттылықтарын дамыту. Сонымен қатар топтық жұмыс барысы білім алушылардың жылдам ойлау және дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етті. 

Сабақ барысында студенттер жасанды интеллект генераторы арқылы топтарға бөлініп, әр топ өз атауы мен ұранын таныстырып, капитандарын сайлады. Жарыс бірнеше қызықты кезеңнен тұрды:

«Таныстыру», 

«Блиц сұрақтары», 

«Бөлшекті тап» практикалық тапсырмасы, 

«Капитандар сайысы». 

Студенттер автокөлік бөлшектерін анықтап, олардың қызметін түсіндіріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра білді. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті.

Сабақ соңында әділқазылар алқасы ұпайларды есептеп, жеңімпаз команданы анықтады. Белсенді қатысқан студенттерге алғыс айтылып, жеңімпаздарға мадақтамалар табысталды.

Осындай сабақтар студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың мамандыққа деген қызығушылығын одан әрі күшейтеді.