«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Токарлық іс»(түрлері бойынша) мамандықтарының  әдістемелік  бірлестігінің  «Шебер қол – сенімді жол» атты онкүндігі аясында 2026 жылы 4 наурыз күні «ВАЗ 2114 автокөлігіне екі тәсілмен тұтандыру жүйесін орнату (зажигание)» тақырыбында өндірістік оқу шебері Ж.Рекешовтың ұйымдастыруымен  II курс білімгерлеріне  тәжірибелік сайыс сабақ өткізілді. 
Іс-шараның   негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, тұтандыру жүйесін сапалы әрі қауіпсіз орната алатын маман ретінде қалыптастыру. 
Тәжірибелік сайыс сабақтың тапсырмасы бірнеше модульдер бойынша жүргізіліп, қауіпсіздік ережелері қатаң сақталды. Сайыс нәтижесінде:
I орын – Бекұзақұлы Жеңіс;
II орын – Серіков Аманжан;
III орын –Шүкіралиев Арнұр иеленді.
Онкүндіктің жоспарына сәйкес,  үлкен үзіліс кезінде колледж білім алушыларымен көңілді ойындар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды.