2026 жылдың 03 наурызы «Шебер қол – сенімді жол» онкүндігінің екінші күнінде «Болашақ мамандыққа алғашқы қадам: өндіріс орнына саяхат» жоспарына сәйкес колледждің әлеуметтік серіктес мекемелеріне саяхат ұйымдастырылды. Саяхатта колледж білім алушылары ЖК «Сырымбаев»,
ЖК «Жұбатыров» серіктестіктерінде болды. Ол жерде мамандардың түсіндірумен түрлі автокөліктерде қолданылатын техникалармен танысып, құралдар сипаттамасы туралы қосымша мағлұматтар алды.
Сонымен қатар бірлестік мүшелері үлкен үзіліс уақытын тиімді пайдаланып, колледж білім алушыларымен көңілді ойындар өткізді. Бұл білім алушылардың белсенділігі мен іс-шаралардың әсерлілігін және мамандыққа деген қызушылығын арттыруға бағытталған шара болды.

