2025 жылдың 28 қазанында Арал индустриалды - техникалық колледжі қоғамдық - гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында «КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС» атты танымдық мақсатта сергіту ойындары ұйымдастырылды.
Іс - шараға бірлестік мүшелері мен I курс білім алушылары белсене қатысып қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география, жаһандық құзыреттілік, дене тәрбиесі, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері бойынша қызықты викториналық, спорттық тапсырмалар орындады.
Бұл шара білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ой - өрістерін кеңейтті. Көңілді, әсерлі және танымдық іс - шара өз мақсатына жетті!

