Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) мен Қазалы көлік - техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «АБАЙ ӘЛЕМІ: ХАКІМ ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ҰРПАҚ» атты ТжКББ ұйымдарының студенттері мен педагогтері арасында өткізілген облыстық байқау Арал индустриалды - техникалық колледжі үшін жақсы нәтижемен аяқталды. Байқау барысында оқытушы - студент тандемі бірлескен шығармашылық, ынтымақтастық арқылы жоғары дәреже көрсеткені үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қанатова Перизат Абжамиқызы мен ІІ курс білім алушысы Қожахметова Карима жүлделі ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.
Бүгінгі марапат иелерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік - біз үшін үлкен мақтаныш. Әрдайым жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!


