Кейс - стади әдісі білім алшыларды тек білім алуға емес, оны өмірде қолдануға үйретеді. Теориялық білімін нақты өмірлік жағдайларда қолдануға бағытталған «Оқудан іске» тақырыбындағы кейс - стади колледж оқытушылары А.Қалмағанбетова және Г.Бердімұратованың ұйымдастыруымен өткізілді. Физика - химия пәндері бойынша қайнау процесін түсіндіру, қысым мен температура байланысы және практикалық шешім ұсыну мақсатында «Тауда су неге тез қайнайды?» тақырыбы төңірегінде сұрақтар қамтылды.
Кейс мазмұны: таза су неге тез қайнайды. Бірақ тағам кеш піседі. Неліктен? Молекулалар қозғалады. Температура төмен - энергия аз?
Кейс тапсырмаларының мазмұнын ашу мақсатында білім алушылар «Физиктер», «Химиктер», «Практиктер» атты үш топқа бөлінді. «Дұрыс/бұрыс», «Сәйкестендіру», «Қысқа жауап» бойынша тапсырмалар берілді. Әр топ өзіне берілген тапсырмаларды толық орындап, кейс шешімін практика жүзінде анықтады:
1) тауда атмосфералық қысым төмен
2) қайнау температурасы төмен
3) тағам баяу піседі
Бұл кейс білім алушыларға физика (қысым, температура) мен химия (күй өзгерісі) заңдарын нақты өмірде қалай қолдануға болатынын көрсете білді.

