«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
1 қыркүйек — Білім күніне орай Арал индустриалды-техникалық колледжінде «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы» мамандығының №144 тобында, «Электргазымен дәнекерлеуші»  мамандығының №132 тобында және «Автомобиль жөндеу слесарі» №141 оқу топтатында «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құндылықтарды түсіндіру, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұқыпты пайдаланудың маңызын ұғындыру, экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Конституция – тек мемлекеттік құжат немесе заңдар жинағы емес. Ол адамның құқықтары мен бостандықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін түсінуге негіз болатынын ұғындырды.
Білім алушылар негізгі түйіні:менің таңдауым → менің жауапкершілігім → қоғамға ықпалым екенін ұға білді. Тәрбие сағатының жалғасы ретінде «Жедел қызмет телефон нөмірлері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Тәрбие сағаты соңында қатысқан ата-аналар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығына оң бағаларын берді.