2024 жылдың 20 желтоқсаны күні Арал индустриалды-техникалық колледжінде оқытушы Г.Мирманова мен кітапханашы Г.Бүркітованың ұйымдастыруымен «Не? Қайда? Қашан?» атты әдеби ойын өткізілді.
Студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және жазушылар шығармашылығын білу деңгейін анықтау мақсатындағы шара №132 «Электргазымен дәнеркерлеуші» және №134 «Құрылыс шебері» оқу тобының білім алушылары арасында өтті. Екі топқа да таңдау еркіндігімен әдебиет әлеміне қатысты түрлі сұрақтар беріліп, жауап беру арқылы ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалды.
Әдеби ойынға қатысушылардың білімі мен белсенділігі қатар сынға түскен сайыс соңында жеңімпаздар анықталды. Төрт кезеңнен тұратын сайыс нәтижесінде алғырлығымен және шапшаңдығымен көзге түскен білім алушылар марапатталды.