«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылғы 18 наурызда Наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс - шаралар жоспарына сәйкес №140 «Модельер - пішуші» оқу тобында «НАУРЫЗ - БЕРЕКЕМ, НАУРЫЗ - МЕРЕКЕМ» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Топ жетекшісі К.Байқазақованың ұйымдастыруымен өткен шарада Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің мән - маңызы насихатталды. Тәрбие сағаты барысында білімгерлердің ұлттық мәдениетке, салт - дәстүрге деген құрмет сезімдерін нығайтатын көрнекі материалдар қолданылып, ұлттық тағам түрлерінен дастарқан жайылды. Білім алушылар ұлттық құндылықтарға негізделген ойын түрлеріне қатысып, салт - дәстүрімізге қатысты сұрақтарға жауап берді. Білім алушылар белсенділік танытып, әрбір дәстүрдің маңызына тоқтала отырып, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Наурыз - жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен татулықтың мерекесі.

Осындай тағылымы мол іс - шара арқылы білім алушыларымыз ұлттық құндылықтарды тереңірек түсініп, салт - дәстүрімізге деген құрметтері арта түсті. 

Баршаңызға көктемнің шуақты мерекесі - Наурыз құтты болсын!