«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Кітап - рухани қазына, білім бастауы» атты жалпы пәндер бірлестігі онкүндігі аясында, "Оқуға құштар колледж" жобасына сәйкес "МЕНІҢ СҮЙІКТІ КЕЙІПКЕРІМ..." атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқау онкүндіктің екінші күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Г.Баймағамбетова және П.Қанатованың жетекшілігімен өтті. Байқау мақсаты: студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кейіпкердің бойындағы жақсы қасиеттер арқылы адамгершілікке, патриоттыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Көркем шығармадағы кейіпкерлер арқылы оқырманның ой - өрісін кеңейту және сөйлеу мәдениетін дамыту, әдеби кейіпкерлерді үлгі ете отырып, рухани құндылықтарды дәріптеу. Байқау барысында мазмұнды, көркем әрі үздік эссе анықталып, қорытынды кеште марапатталатын болады.