2024 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасындағы Еңбек күніне арналған "Менің нәтижем - менің жетістігім" атты колледжішілік дебат турнирі өткізілді. Турнирдің мақсаты - Қазақстан Республикасындағы еңбектің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, еңбек адамының құқықтарын талқылау, білім беру жүйесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жандандыру болды. Турнир Абай Құнанбайұлының «Еңбек жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы» деген дәйексөзімен басталды. Бұл сөздер еңбек пен адамның ішкі әлемі арасындағы тығыз байланысты көрсетеді.
Дебат турниры АПФ форматында өткізілді. Ұсынылған «Бұл палата компания немесе кәсіпорын басшысын қызметкерлердің дауыс беруі арқылы таңдайды» қарары білім алушыларға раунд басталғанға дейін 3-7 күн бұрын жарияланды.
Турнир еңбекқорлық, адалдық және қажырлылық сияқты құндылықтарды дәріптеу үшін жақсы мүмкіндік болды.
Турнир нәтижесінде қатысушылар спикерлік қабілеттерін көрсетіп, бар күштерін салды. Нәтижесінде:
Шалғынбаева Арайлым - «Ұшқыр ойлы білім алушы»,
Шохманова Ақгүл - «Ойшыл білім алушы»,
Қожахметова Карима - «Ізденімпаз білім алушы»,
Серікқызы Ақмаржан белсенділік танытқаны үшін марапатталды.