Үстімідегі жылы Арал индустриалды-техникалық колледжі республика шеңберінде бірқатар колледждермен меморандумға отырған болатын. Осы меморандум аясында Шымкент қаласы "Индустриалды-техникалық колледжімен" ынтымақтастықты дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде колледжіміздің токарь мамандары мен республикалық «Worldskills-2025» чемпионатына қатысушы Д.Махамбетқалиев аталған колледж базасында тәжірибе алмасуда.
Техникалық мамандар даярлауға бағытталған өзара іс-қимыл жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз

