«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

2023 жылы 4 маусымда Арал қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс - шара өткізілді.

Рәміздер алаңында өткен мерекелік іс-шараға Арал индустриалды - техникалық колледж қызметкерлері де қатысты. Шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Серік Сермағамбетов аралдықтарды құттықтап, ізі лебізін білдірді.

Мұнан соң іс - шара зиялы қауым, құқық қорғау саласының өкілдері мен белсенді жастар қатысқан «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік айбары» атты патриоттық акцияға ұласты. Атаулы акция барасында әріптестеріміз «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға арнайы галстук тағып, балалардың қадамдарына сәттілік тіледі.

Рәміздер күніне арналған салтанатты жиын соңы жаяу жүргіншілер марафоны мен авто (мото) шеруіне жалғасты.