2025 жылдың 17 сәуірінде «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Арал индустриалды-техникалық колледжінде Мансап орталығы мамандарының және «Еңбек Ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның «Онлайн оқытуды дамыту департаментінің» бас сарапшысы А.Т.Турекуловтың, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы А.М.Жанет пен Қызылорда облысының Еңбек мобильділігі орталығының бөлім басшысы А.М.Самыратовтың қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында А.Т.Турекулов колледж студенттеріне мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіріп, enbek.kz сайтын пайдаланып еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жайында ақпарат алу жолдары мен колледж оқытушыларына Skills.Enbek платформасында онлайн курстарды ұйымдастыру бойынша түсіндірме жасады. Студенттер мен оқытушылар мәселеге қатысты сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.
Кездесу соңында колледж қызметкерлері ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын қолдай отырып, қонақтарға алғыс білдірді.