«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп -тексеру департаменті жанындағы қоғамдық  кеңестің  2024 жылға арналған жылдық жоспарының 2- тармағына сәйкес наурыз айының 1-27 аралығында «Лудомания –болашақтың дерті» пікірсайысы өтуіне байланысты  Арал индустриалды-техникалық колледжінде "Лудомания. Құмар ойынның қасіреті" атты пікір алмасу алаңы болып өтті.

  Сулейменов Талғат Райғаниұлы – Арал  қаласы әкімі аппаратының бас маманы;

  Құлияс Бақдаулет Сексенбайұлы –Арал  АПб-нің ЖПҚб-нің ЮПт-ның УПИ-ры полиция аға лейтенанты;

  Алдамуратов Нұрсұлтан Дәуірханұлы – Арал  аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері;

  Айназаров Ракым Утемуратович – Арал   индустриалды –техникалық колледж директоры ;

  Жумаева Назира Каржигаевна - Директордың оқу -тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының м.а   қатысты.

  Пікір алмасуға қатысушылар тарапынан «Құмар ойынға бейімделу кезеңінің бірі – жалындаған жастық шақ. Адамның қызығушылығын арттырып, құмарлыққа тез үйрететін де осы кез. Санаңды улап, құмар ойынға үйір қылып жіберетіні шүбәсіз екенін біле тұра сол жолмен жүресің. Жігерлі кезеңде ой-өрісің дамитын шақта өміріңді арзан тіршілікпен өткізсең, егде жасқа келгенде сан соғып өкінерің хақ. Бұл қазаққа бөгде елден келген жат қылық. Өзгенің қаңсығын таңсық қылуға бейімделген жастардың еліктеушілігі. Еліміздің болашағын жастарымыздың қолына тапсыратын болсақ, олардың тәрбиесін заман талабына сай бере отырып, тал бесігімізді түзеуіміз керек» деген тұшымды ойлар айтылды.