Наурызнама — Ұлы дала дәстүрлерін жаңғырту және құндылықтарды қалыптастыру. Қазақ ұлттық ойындарында "Асық ату", «Бес асық» ойынының тарихы да өте ежелгі дәуірлерге барып тірелетіні анық. «Бес асық» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ойынның баланың жетілуіне, ой-санасының дамуына, ептілігіне қосар үлесі мол. Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеу мақсатында 19 наурызда Арал индустриалды-техникалық колледжінде ұлттық ойындардан челлендж өткізілді.