«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арал индустриалды-техникалық колледж кітапханасында қалалық №4 кітапхана қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем BOOK» жобасы аясында Д.Перлмуттердің «Тамақтың миға әсері» атты кітабына талдау өткізілді.
Мақсаты - жалпы оқырман қауымға тамақтың миға әсерін және денсаулыққа байланысты ақылдар мен пайдалы кеңестер айтып, салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға жалпы алғанда өз денсаулықтарының қадір-қасиеттерін білуге және құрметтеуге шақыру.                      
Кеш барысында кітапханашы Л.Дарменова «Тамақтың миға әсері» кітабы  әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, дүниежүзінің 30 тіліне аударылып, миллионнан аса данамен жарық көргендігін және денсаулық пен ақыл-еске көмірсулардың әсерінің қандай болатындығынан бастау алды. 
Сіздің миыңыз шамамен бір жарым килограмм, 160 мың шақырымнан астам қан тамырлары бар. Құс жолы жұлдыздарынан да көбірек нейрондық байланысқа ие, біздің денеміздегі бай орган. Сіздің миыңыз дәл қазір зардап шегіп тұруы мүмкін, ал сіз бұдан бейхабарсыз. Миды зерттеп көрейік, мидың 40 пайызы майдан, протеиннен, аминқышқылынан және глюкозадан тұрады. Кез келген тағамның құрамы миға ерекше әсер етеді. Мәселен түскі астан соң міндетті түрде ұйқыңыз келіп шаршай бастаймыз, бұл түскі тағамның миға әсер еткендігінің белгісі. Ми құрамындағы омега 3 және алтын май қышқылы ми процесінің өзегі. Ми солар арқылы қарқынды жұмыс істейді. Омега3, алтын май құрамы балықта, жаңғақта, пісте құрамында өте көп, біздің миымыздағы протеин өте көп. Ми да басқа тағам секілді басқа тағамдардан дене мүшелері нәр алып отырады. Дұрыс тамақтанғанда аминқышқылы көбейіп көңіл күйдің орнығуына жағдай жасайды. Ал жемістер мен көкөністер құрамындағы антиаксиданттар ми жасушаларын зиянды радикалдардан қорғап оның құрамын жақсартады. В 6, В 12 дәрумені болмаса, мидағы жүйке талшықтары бұзылады. Сондай-ақ мидың дұрыс жұмыс істеуі үшін темір, мыс, натрий секілді элементтер аса қажет. Ми адам салмағының 2 пайызын  құраса, біз ішетін тамақтан бөлінетін энергия 20 пайызын жұмсайды, сол үшін мидың қызметіне энергия қажет. Ал энергия тамақтан, сол үшін ас мәзіріне талғаммен қараңыз. Тамақтану тәртібін ұмытпаңыз, әр күні өз денсаулықтарыңызға қарап мұқият қарау керектігі айтылып өтті.
Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырманы АИТК студенті Әлімқызы Әсемай ашығудың құдіреттілігі жайында сөз қозғады. Адам денесінің ең маңызды тетіктерінің бірі-ми үшін тамаша қуат көзі. Миымыздың қоректенуі үшін пайдалысы калория көзіне жүгіне алады. Әдетте күнделікті тамақтанудың арқасында ми негізінен бауыр мен бұлшықеттрде гликогеннің ыдырауынанболатын глюкозаның шектелу мөлшерін жеткізе алады. Бұл процесс глюконегеноз деп аталады. Тамақ жоқ кезде ұзақ уақыт ойлануға мүмкіндік беретін ми өте тиімді қуат көзі –бета гидроксибутират іске қосылады. Рухани ізденістерге жүгінсек, ашығу-дін тарихының ажырамас бөлігі және осы ашығу кезіндегі адам денесінің және ақыл-ойдың анықтығы мен мидың жақсы жұмыс істеуіне жол ашатынын сөзге тиек етті.
Кеш соңында  денсаулық пен сергек сананың қаншалықты құнды екеніне байланысты тамақ ми саулығы жайында слайд көрсетілді.