Үстіміздегі жылдың 20-21 мамыры күні Қызылорда қаласында ТжКББ ұйымдарының педагогтері арасында өткен баскетболдан облыстық іріктеу жарысына Арал индустриалды-техникалық колледж командасы да қатысып, бақ сынады. Тартысты ойын өрнегін көрсету нәтижесінде команда үздіктері арнайы номинацияларға ие болды.
Байқазақова Кенжегүл «ҮЗДІК ТӨРЕШІ», Айпатшаев Утеген «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» аталымы бойынша облыстық білім басқармасының дипломдарымен мадақталды.
Әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз! Жарыс жолында тек сәттіліктер тілейміз!