2026 жылғы 4 наурызда Арал индустриалды-техникалық колледжінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ» тақырыбында колледж оқытушыларына арналған колледжішілік
семинар-практикум өткізілді.
Мақсаты: білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану бойынша тәжірибе алмасу және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар оқыту үдерісінде қолданылатын цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып, жұмыс ортасын тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсетті. Атап айтқанда, Character.ai, Lumio.ai, Gemini.ai, Genially.ai, Wordwall, Fliki.ai секілді ақылды көмекшілерді қолданудың артықшылықтары мен шектеулерін талқылай отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар-практикум тыңдаушыларға жасанды интеллектіні сабақта қолдану бойынша тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік берді. Олар жаңа цифрлық мүмкіндіктермен танысып қана қоймай, оны сабақ барысында қолдануға болатын нақты әдіс-тәсілдер алды. Әріптестердің белсенді қатысуы, өзара тәжірибе алмасуы мен қызығушылығы тәжірибелік алаңның мазмұнын одан әрі байыта түсті.

