«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен ТжКБ ұйымдары, кәсіпорындар мен тәлімгерлер арасында республикалық «КӘСІБИ МАМАН» конкурсының аймақтық іріктеу кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы үздіктерді анықтап, озық тәжірибелерді насихаттау және кәсіби мамандардың мәртебесін арттыру. Байқауға облысымыздағы ТжКБ ұйымдары, кәсіпорындар және дуальды оқытудың жол картасына қатысушы тәлімгерлер қатысты.
Бағалау критерийлеріне сәйкес, байқау қорытындысымен Арал индустриалды-техникалық колледжі «ЖҰМЫСШЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ – 2025» номинациясы бойынша ІІІ ОРЫНҒА ие болды.
«ӨНДІРІСТЕГІ ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР– 2025» номинациясы бойынша колледждің серіктес мекемесі, ардагер ұстаз КЕЛЖАНОВА АСИЯ ИХЛАСОВНА ІІ ОРЫНДЫ жеңіп алды.
Бұл нәтиже колледждің стратегиялық даму деңгейі мен тәжірибе тарату, кәсіби мамандар даярлаудың айқын көрінісі.
Жетістігіміз көп болсын! Шығармашылық табыстарға жете берейік!

