Арал индустриалды - техникалық колледжінің базасында Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандығының беделі - қоғам дамуының тірегі» тақырыбында жұмысшы мамандықтар жылына орай облыстық семинар болып өтті.
Мақсаты:
- Дуалдық оқытудың артықшылықтарын тәжірибе арқылы көрсету, білім мен өндірістің өзара ықпалдастығын күшейту.
- Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын іске асыру;
- Ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту.
Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру өкілдері, әлеуметтік серіктестік мекемелердің басшылары, Мансап орталығы, аудандық кәсіпкерлер палатасы, ардагерлер, кәсіпкерлер, колледж түлектері мен студент жастары және аудандық мектептердің 9 сынып оқушылары қатысты.
Семинар бағдарламасы бойынша қонақтарға «Жас маман» жобасы аясында алынған «Сән технологиясы» және «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілік орталықтары және колледждің материалдық - техникалық базасы мен өндірістік оқу шеберханаларының жұмыс жасау позициясы таныстырылды. Шефтік - қамқорлық инвесторлар есебінен 15 млн.тг. көлемінде салынған маусымдық спорт алаңының ашылу салтанатында лента қиылып, тілек лебіздер айтылды. Спорттық алаңда «Спорт денсаулық кепілінің негізі» тақырыбында дене тәрбиесі пәні оқытушылары мен үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен шағын - футбол клубының жолдастық кездесуі өткізілді.
Колледж базасында «Құзыреттілік алаңы» Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану құзыреттілік орталығын ашылу салтанаты өтіп, білім алушылар мен мамандардың кәсіби құзыреттерін дамыту, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау және білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту мақсаттарының айқын екенін көрсете білді.
Семинардың екінші бөлімінде Арал қаласының брендтік тауарларын көрсету мақсатында «Кәсіптік білімді дамытудың стратегиялық тұғыры - дуалдық оқыту мен серіктестік байланыс» тақырыбындағы, бағдарламаға сәйкес "Арал" "Мүгедектігі бар адамдарды қолдау" қоғамдық бірлестігіне қарасты «Ай - Аружан» тігін цехы директоры И. Жумашева және ЖШС "Agrofish - 2020" балық өндеу зауытының директорының м.а. О. Жалғасбаев басқарған серіктес мекемелерге шолу өтті.
Семинардың ресми бөлімінде «Елімізге сенің идеяң қажет» оқушылардың қолынан шыққан қол өнер көрмесі көрсетіліп, семинарға қатысушалырдың назарларын аударды.
«Жұмысшы мамандығының беделі - қоғам дамуының тірегі» атты семинардың ашылу салтанатында Қызылорда облысының білім басқармасының өкілі Іздібай Бекарыс Жайшылықұлына сөз берілді. Сөзінде: «Оқу орны еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындап заман көшіне қосып келеді. Білім алушылардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «WorldSkills - 2025» кәсіби шеберлік байқауының облыстық іріктеу кезеңдерінде алдыңғы қатардан топ жарып колледж мерейін асыруда. Колледж студенттері биыл облыстық кезеңде «Дәнекерлеу технологиясы» және "Сандық бағдарламалық басқару (ЧПУ) станоктарындағы токарлық жұмыс" құзыреттіліктері бойынша сынға түсіп, І орынға ие болды. Бұл жетістік - біздің жас мамандардың кәсіби дәрежесі жоғары екенін, сондай - ақ колледж ұжымының терең дайындығының нәтижесі екенін көрсетеді» - деп баяндады.
Колледж директоры Айназаров Раким Өтемуратұлы «Колледж тынысының бүгіні және ертеңге көзқарас» тақырыбында сөз сөйлеп, жұмысшы жылы атқарылған жұмыс барысымен таныстырып, алға қойған мақсаттары айқын екені білдірді.

