«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлген болатын. Осы ретте мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған жатақхана Арал индустриалды-техникалық колледжі жанынан бой көтерді.

Арал ауданының 95 жылдығы мерейтойы аясында студенттерге арналған жаңа заманауи жатақхананың ашылуы салтанаты түрде өткізілді.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Серік Сермағамбетов, Арал ауданының құрметті азаматтары Нәжмадин Мұсабаев пен Алашыбай Баймырзаев және аудан ардагерлері қатысты.

Шарада аудан басшысы сөз алып: «Құрметті жерлестер, бүгін ауданымыздың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында өздеріңіздің қатысуларыңызбен жаңа замауи жатақхананың ашылуына куәгер болып тұрмыз. Бүгін шәкірттеріміз бен олардың ата-аналары үшін қуанышты күн. Себебі осы баспана мәселесінің оң шешімін табуы балаларымыздың еш уайымсыз жан-жақты білім алуына мол мүмкіндік бермек. Жас ұрпақтың біліміне салынған инвестицияның еселеп қайтатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Құндылықтар алмасып жатқан дәуірде білімнің орны өз биігінен төмендемек емес» - деп, келешек ұрпақтың игілігіне арнап салынған нысан берекелі орынға айналуына тілектестік білдірді.

Салтанатты шарадан соң аудан әкімі оқу орнының бүгінгі тынысымен танысты.

Айта кетейік, алдағы уақытта 75 студент енді баспанасына алаңдамай, бар назарын білімге арнайды. Жатақханадан гөрі жайлы үй деуге келетін ғимаратты көрген студенттерінің қуанышында шек жоқ. Әдемі аула, кең бөлмелер, заманауи жиһаздар, оқу және демалу аймақтары, студенттер шығармашылығына арналған орын, ас үй мен кір жуатын орындар – бәрі студенттер үшін жасалған. Нысан тиісті талаптарға толық сәйкес келеді.