«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

КӨРІСУ күні - қазақ халқының дәстүрінде жаңару мен жаңа бастамаларды білдіреді. Көрісу күні жасы үлкен адамдармен көрісіп, бір-біріне денсаулық, бақыт тілеп, қуанышпен бөлісетін күн.

АМАЛ мерекесі - қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. Амал күні - көктемнің басталуын, жаңа жыл мен табиғаттың жаңаруын білдіретін күн. Бұл мереке адамдар арасындағы сыйластықты арттырып, бір -бірімен кездесіп, аман - саулық сұрасып, тілектерін айту дәстүрі болып табылады.

Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. «Жаңа жасыңмен», «Бір жасқа есеюіңмен!, «Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» деген сынды тілектерін айтып, бір- бірімен көрісіп шығады.
Күні бүгін наурыз мерекесінің алғашқы бастауы көрісу күні біздің колледжімізде де тойланды.

Колледж директоры Р.Ө.Айназаров пен колледж ардагері А.Т. Рысбаев Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Наурыз мерекесіне арналған іс-шара жоспары аясында колледжде «Бауырсақ пати» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлылық пен мейірімділікті дәріптеу, айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас, жылы лебіздерін сезіндіру.

Колледж ауласына  киіз үй тігіліп, дастарқан жайылды. Шараға қатысушылар бауырсақтан ғана емес қымыз, шұбат, құрт-ірімшік секілді қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.