«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Колледжде әйелдер қауымы құрметке бөленді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Арал индустриалды-техникалық колледжінде «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – АНА ДЕГЕН ҚҰДІРЕТ!» атты салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Бохаев Нұрмұхамет Омарұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде кәсіптік саланың дамуына ер азаматтармен қатар үлес қосып жүрген нәзік жандыларға алғысын білдіріп, марпаттау рәсімін жүргізді. Білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздар Ж.Қанатбаева аудан әкімінің алғыс хатымен және К.Байқазақова, Г.Абилова, А.Саламатова, Г.Жұмахмет, Г.Жубаназаровалар құттықтау хатпен марапатталды.

Өз кезегінде колледж директоры Айназаров Раким Утемуратович та барша нәзік жандылар қауымын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Білікті ұстаз Л.Ибрагимоваға облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Шара барысында бірқатар аруларымыз колледж кәсіподақ ұйымының да марапаты мен сый-сыяпаттарына ие болды.

Шұғылалы көктемнің шуақты мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара концерттік бағдарламамен сүйемелденді. Мәні мен сәні келіскен шара соңында мереке иелері де атаулы күнге орай көрсетілген қошеметке ризашылықтарын білдірді.