«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Отандық әдебиетті насихаттау мақсатында аудан көлемінде «Жүз кітап – жүз қазына» атты мекемеаралық оқу жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында 23 сәуір күні Руханият орталығында өткізілген жанды кітап кешіне Арал индустриалды-техникалық колледжінің ұжымы қатысты. Олар  қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Б.Соқпақбаевтың «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» және ақын Ж.Әбдірашовтың «ДАЛА, СЕНІҢ ҰЛЫҢМЫН» кітаптары бойынша таныстырылым жасады. Қалың көпшілікті Б.Соқпақбаев  шығармасынан сюжеттік қойылым қою арқылы оқырман болуға шақырды. Ал Аралдың ардақты перзенді Ж.Әбдірашевтың туған далаға деген перзенттік сезімге толы өлеңдерін мәнеріне келтіре оқып, кеш қонақтарын мол тебіреніске бөледі.
Қазақ әдебиетінің қос бәйтерегі қалам тербеген мағыналы туындыларды осылайша насихаттау ұжымда кітап оқу мәдениетінің  қалыптасу көрсеткіші болып табылады. Кітап оқудан, кітап оқу арқылы рухани құндылықты насихаттаудан жалықпайық!