2026 жылдың 20 сәуірінен бастап Арал индустриалды-техникалық колледжінде алғашқы әскери дайындық пәнінің жылдық жоспарына сәйкес оқу-дала жиыны басталды.
Әскери жаттығуға колледждің І курс білім алушылары қатысуда. Бес күнге созылатын оқу-дала жиыны 20-24 сәуір аралығын қамтиды.
Далалық оқу-жаттығу барысында тактикалық дайындық, атыс дайындығы, саптық дайындық жөнінде практикалық сабақтар өткізіледі. Сол арқылы білім алушылар алғашқы әскери дайындық бойынша алған білімдерін іс жүзінде көрсетіп, тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болады.

